Постиндустриалды қоғам
22.02.2022 2022-02-22 13:57Постиндустриалды қоғам – ғылым мен білім маңызды рөл атқаратын және өндіріс тәсілдерінен меншік табиғаты қалыптасатын қоғамдық даму кезеңі: дәстүрлі жекеменшік өз маңызынан айырылады, оның орнын тұлғаның ой еңбегіне негізделген интеллектуалдық меншік басады. Бұл инновациалық қоғамда экономиканың қозғаушы күші ғылыми жаңалықтар болып табылады, ал қоғамның басым бөлігі өндірісте емес, қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады.
« Back to Glossary Index