Индустриалды қоғам

« Back to Glossary Index

мынадай сипаттары бар қоғамның түрі: мықты ма­мандықтарға орай еңбек бөлінісі дамыған жүйе, жаппай тауар өндіру, өн­ді­­­ріс пен басқарудың машиналануы мен автоматтануы, ғылыми-техникалық төң­­ке­ріс, көлік және коммуникация құралдарының тармақталу жүйесі, ха­лық­­­­тың мобильдігінің және урбанизацияның жоғары деңгейі, ұлттық тұты­­­ну құры­лымындағы ілгерлеушілік, тұтыну мен өмір сапасының артуы, еңбек және әлеуметтік икемділіктің артуы, жалпы білім беру мен бұқаралық мәде­­ниеттің дамуы. Бұл ерекшелік белгілер либерал-демократикалық (капита­листік – марксизмде) және социалистік үлгідегі жаңартылған қоғамға да тән сипаттар. Сонымен қатар либералды-демократиялық түрге нарықтық эконо­мика мен жекеменшік, бәсекелестіктің жоғары деңгейі және кәсіпкерлік рух тән.

« Back to Glossary Index
error: Внимание! Выбор контента отключен!