Экономикалық эксплуатация
22.02.2022 2022-02-22 14:35Экономикалық эксплуатация – айырбассыз немесе айырбасқа еңбегіне татымайтын азғана тауар (ақша немесе қызмет) ұсыну арқылы басқа адамның еңбегінің нәтижесін иелену. Марксизм капиталистік қанаушылықты аса қатты сынайды, өйткені өндіріс құралдарының иелері (капиталистер), жұмысшылардың еңбегінен пайда болған ақысы төленбеген (жұмысшы өзінің еңбекақысы ретінде тек өзінің күшінің ақысын ғана алады), қосымша құнды өздеріне табыс ретінде алып қалады. Маркстік емес экономикалық теория қанаушылықты нарықтық экономиканың алғашқы даму кезеңінің бір бөлігі ретінде мойындайды. Дамыған индустриалды қоғамда қанаушылық айтарлықтай азайды және табыс басқа да негіздер есебінен құралады.
« Back to Glossary Index