Аграрлық қоғам

« Back to Glossary Index

аграрлық (жер өңдеу немесе малшаруашылығы) бағыттағы қатаң қауымдық иерархиялы және дәстүрге негізделген қоғам. Ондағы адамдардың тәртібі әлеуметтік институттар, патриархалдық отбасылар және көршілес қауымдар қалыптастырған, салт-дәстүрлермен және өмір салтымен бақыланады. Архаикалық қоғамның орнын басып, индустриалды қоғамға жол беруі мүмкін. Аграрлық қоғам әртүрлі әлеуметтік деңгейлерге жіктелген, қатаң әлеуметтік топтарға (сословиелерге) бөлінеді. Әрбір адам дүниеге келгеннен белгілі бір қауымға тиеселі болады және қауымнан-қауымға өту мүмкін емес.

« Back to Glossary Index
error: Внимание! Выбор контента отключен!