Қоғамдық-экономикалық формация (марксизмде)
22.02.2022 2022-02-22 13:38Қоғамдық-экономикалық формация (марксизмде) – өндірістің жекелеген тәсілдеріне негізделген қоғамның тарихи түрі. Марксизм бес формацияны бөліп көрсетеді: алғашқы қауымдық (алғашқы қауымдық құрылым), құлиеленуші (құлиелену), феодалдық (феодализм), капиталистік (капитализм) және коммунистік (коммунизм), бұған социализм коммунизмнің алғашқы кезеңі ретінде енеді.
« Back to Glossary Index