Индустриалды қоғам
08.02.2022 2022-02-22 12:48мынадай сипаттары бар қоғамның түрі: мықты мамандықтарға орай еңбек бөлінісі дамыған жүйе, жаппай тауар өндіру, өндіріс пен басқарудың машиналануы мен автоматтануы, ғылыми-техникалық төңкеріс, көлік және коммуникация құралдарының тармақталу жүйесі, халықтың мобильдігінің және урбанизацияның жоғары деңгейі, ұлттық тұтыну құрылымындағы ілгерлеушілік, тұтыну мен өмір сапасының артуы, еңбек және әлеуметтік икемділіктің артуы, жалпы білім беру мен бұқаралық мәдениеттің дамуы. Бұл ерекшелік белгілер либерал-демократикалық (капиталистік – марксизмде) және социалистік үлгідегі жаңартылған қоғамға да тән сипаттар. Сонымен қатар либералды-демократиялық түрге нарықтық экономика мен жекеменшік, бәсекелестіктің жоғары деңгейі және кәсіпкерлік рух тән.
« Back to Glossary Index